955-972 / 2584

Кітапханаға саяхат

11.06.2019

11 маусым күні Абай атындағы кітапханада №49 ЖББО мектеп жанындағы жазғы лагерде демалушы оқушылар экскурсияда болып қайтты. Балалар 1883 жылы саяси жер аударылғандардың бастамасымен ашылған кітапхана тарихымен, бөлімдермен және кітапхана қызметімен танысты. Абайдың рухани орталығында болған мектеп оқушылары ақынның мұрасымен, …

Microsoft Excel бағдарламасы: тренинг

07.06.2019

2019 жылы 4-7 маусым аралығында пайдаланушылардың сұранысы бойынша Microsoft Excel бағдарламасы бойынша тренинг өткізілді. Оқу барысында қатысушылар Excel электронды кестелерін формула, есеп, диаграмма арқылы жасау, сақтау, өндеу және пішімдеуін үйренді. Тренингте Microsoft Excel бағдарламасы туралы жалпы ақпарат, терминдер, әмірлер туралы …

Есірткісіз әлем: кең көлемді кітап көрмесі

05.06.2019

Абай атындағы  кітапханада 5 сәуір күні   кітапхана оқырмандарына 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күніне орай,  нашақорлықтың алдын алу, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз әлем» ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Екі бөлімнен …

Шығыс Қазақстанның ұлы есімдері: «Абай әлемі» атты кітап көрмесі

05.06.2019

5 маусым күні  «Рухани жаңғыру»   ұлттық бағдарламасын іске асыру  аясында Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында «Абай әлемі» кітабының «Шығыс Қазақстанның Ұлы есімдері» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайберді, Мұхтар Әуезов, Марат Кабанбай, Төлеу Көбдіков, Анатолий …

Тарихтан сыр шерткен мемлекеттік рәміздер: бейнесабақ

04.06.2019

4 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Абай атындағы кітапханада кітапхана пайдаланушыларына арналған «Тарихтан сыр шерткен мемлекеттік рәміздер» атты бейнесабақ ұйымдастырылды. Мерекелік шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Кітапхана қызметкерлері тәуелсіздігіміздің нышаны болып табылатын мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы мен маңызы …

Балаларға арналған жазғы тілдік лагердің ашылуы

04.06.2019

2019 жылдың 4 маусымында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханада 7 жаспен 10 жас аралығындағы балаларға арналған жазғы тілдік лагерь өз жұмысын бастады. Тілдік лагерь Елбасының үштұғырлы саясаты аясында ағылшын тілін үйрету, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында ашылды. Ағылшын тілін үйренуге …

Мемлекеттік рәміздер-тарих таңбасы: патриоттық сабақ

04.06.2019

4 маусым  – Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, Отан  сүйгіштікке  тәрбиелеу мақсатында балалар әдебиеті бөлімі №37 мектептің жазғы демалыс лагері оқушыларына «Мемлекеттік рәміздер-тарих таңбасы» атты патриоттық сабақ ұйымдастырды. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің …

Балалық шақ – бақытты шақ: мерекелік бағдарлама

03.06.2019

Абай атындағы кітапханада 1-ші маусым балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ – бақытты шақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. 1950 жылдан бастап 1-маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күні әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтілуде. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп кітапхана қызметкерлері мерекеге қатысатын …

Талқандалған тағдырлар дәуірі: экспресс-мінбе

31.05.2019

1997 жылдан бастап жыл сайын елімізде  31 мамырд күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күн сталиндік режим дәуірінде аштықтан, жер аударудан және атудан  жазықсыз зардап шеккендерді еске алуға арналған. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында …

Алаш тарихында ізі қалған…: өлкетану оқулары

30.05.2019

30 мамыр күні  Абай атындағы кітапханада 31 мамыр – саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаныңда «Алаш тарихында ізі қалған…» тақырыбында өлкетану оқулары өткізілді. Іс-шара алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер, публицист, қазақтың мүддесін көздеп, қамын …

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символикалық белгілері: көрме-панорама

28.05.2019

28 мамыр күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының рәміздер мерекесі күні қарсаңында, кітапхана оқырмандарын отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символикалық белгілері» тақырыбына арналған көрме-панорама ұсынылды. Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік …

Кітапханадағы шығармашылық бұрыш: «Ключ» клубының авторлық ән кеші

28.05.2019

26 мамыр күні Абай атындағы кітапханада «Кітапханадағы шығармашылық бұрыштың» осы маусымдағы қорытынды отырысы өтті. Кештің мақсаты оқырмандарды қаланың ақындары мен орындаушыларының шығармашылығымкн таныстыру болды. Кеште Тимур Аубакировтің, Андрей Гамбургтің, Екатерина Маслованың авторлық әндері шырқалды. Авторлардың әр жылдары жазылған әндері, олардың …

Ғажайып ертегілер әлемі: кітап көрмесі

28.05.2019

2019 жылдың 28 мамырында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері кітапхананың жас пайдаланушыларына арналған “Ертегілердің сиқырлы әлемі” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Жас оқырмандар әлем халықтарының ертегілерімен танысты. Әсіресе, оларға ертегі әлемімен адамдар, жануарлар және өсімдіктер байланысы туралы …

Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым: кітап көрмесі

25.05.2019

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні қарсаңында қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай Абай атындағы кітапханада «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» атты кең көлемді кітап көрмесі …

Ағылшын тілі курстары: қорытындылау

24.05.2019

24 мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында тегін ағылшын тілі курстарының аяқталуына байланысты қорытындылау шарасы болып өтті. Кітапхана оқырмандарына арналған тегін ағылшын тілі курстары наурыз айынан мамыр айына дейін жалғасты. Ағылшын тілі курстарын қорытындылау мақсатында қатысушыларға тест сұрақтары ұсынылды. Нәтижесінде …

Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра: көшпелі көрме экспозициясы

23.05.2019

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2019 жылы 22 мамырда шекара аудандарымен ынтымақтастық шеңберінде және Қазақстандағы жастар жылы аясында Ресей Федерациясының Рубцовск қаласында кітапханамыздың қорындағы сирек басылымдармен және  «Абай әлемі» жобасы аясында жарық көрген туындылармен таныстыру мақсатында «Ғасырлар үндестігіндегі …

Ақын және тарихшы: кездесу кеш (ақын, әнші, өнертанушы Құсмілия Нұрқасымның 70 жыл толуына орай)

23.05.2019

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында белгілі өнертанушы, алаштанушы, мәдениет қайраткері, ақын Құсмілия Жырғалыұлының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, кездесу ұйымдастырылып, ақынның «Құсмілия» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапхана қызметкерлерінің автор жайлы ақпаратынан көрермен қауым Құсмілия Жырғалыұлының бала кезден-ақ қазақ фольклорын сіңіріп, …

Мәдениет саласы қызметкерлері күнімен: кітапханашы мамандардың мәртебелі марапаттары

21.05.2019

21 мамыр күні Қазақстанда мәдениет саласы қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл дәстүр 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шыққан кезде пайда болған. Осы тамаша оқиғаға байланысты Абай атындағы кітапхананың төрт қызметкері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің  ардагері» …