1225-1242 / 2601

Мен жаздың суретін саламын: «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің сабағы

08.06.2018

8 маусым күні Абай кітапханасының «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесі кезекті сабағын Етіс өзенінің жағалауындағы тамаша табиғат аясында өткізді. Сабаққа қатысқан балалар жаз тақырыбына деген өз ойлары мен көзқарастарын әсем безендірілген алаңдағы асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен салды. Балалар өз суреттерінде көгілдір …

Америка туы күні: ақпараттық сағат

08.06.2018

8 маусым күні Абай кітапханасында «Америка туы күні» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараға қатысушыларды «АҚШ рәміздері – Symbols of the USA» тақырыбындағы көрме қарсы алды. Көрмеге рәміздер туралы кітапхана қорында сақталған И.А. Благовещенскийдің, А.С.Бикееваның «Страноведение», «Карта США. Краткий обзор фактов» …

Табиғаттың сыр-құпиясын тану: экологиялық печа-куча

05.06.2018

5 маусым күні Абай кітапханасында  Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай  №2 орта мектеп оқушылары мен Технология колледжінің  студенттері үшін «Табиғаттың сыр-құпиясын тану» атты экологиялық печа-куча өткізілді. Бүгінгі шара кітапханада печа-куча форматында ерекше өтті, онда  қызықты әрі маңызды ақпаратты оқырман …

Бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйрету лагерінің ашылуы

05.06.2018

Тіл – достықтың алтын көпірі! Осы мақалды ұстаным қыла білген Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеттері бөлімі қызметкерлері кітапхананың кішкентай пайдаланушыларына арнап, ағылшын тіліндегі тіл лагерінің ашылу салтанатын ұйымдастырды. Салтанатты шараға  қаламыздағы №2, №6 мектептің оқушылары мен кітапхананың кішкентай оқырмандары  шақырылды. …

Ұлы Даланың ұлы құндылықтары: интеллектуалды викторина

05.06.2018

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай балалар әдебиеттері бөлімі №37 мектептің жазғы демалыс лагерінде демалушы балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге, Отан  сүйгіштікке  тәрбиелеуге баулу мақсатында интеллектуалды танымдық ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған шара барысында оқушыларға …

Кітаптар әлемінде: экскурсия

05.06.2018

2 маусым күні Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын оқушылары Абай кітапханасына келіп, білім саяхатына қатысты. Кітапхана тарихымен, қызметімен қатысушыларды таныстыру бағытында мазмұнды библиографиялық шолу ұсынылды. Семей өңірінің бай тарихы мен тарихи тұлғаларының, «Алаш» қайраткерлерінің өмірі …

Рухани жаңғыру: Latyn – құнды мұра: ретро-көрме

04.06.2018

2018 жылдың 1 маусымында Абай кітапханасы Шар қаласы мен Көкпекті елді мекеніне іс сапарға шығып, аудандық әкімшілікпен, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен және тұрғындарымен, кітапханашы мамандарымен кездесті. Іс сапардың мақсаты «Латын  қарпіндегі басылымдар» және «Алаш» электрондық кітапханасы тақырыбымен таныстыру болды. Шара …

Елдің құқықтық бағыты: танымдық сағат

02.06.2018

2 маусым күні Абай атындағы  кітапханасында Қазақстан Республикасының рәміздер күні аясында, «Елдің құқықтық бағыты» атты тақырыпта  Семей Медициналық университетінің студенттеріне арналып танымдық сағат өткізілді. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерді жан-жақты таныстыру арқылы тыңдаушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, …

Менің сүйікті әдеби кейіпкерім: балалар сурет байқауының нәтижелері

01.06.2018

Абай кітапханасында 1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім» атты балалар сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Бізді балалардың қандай әдеби кейіпкерлер ұнайтынын, қандай кітаптарды сүйіп оқитының білу қызықтырды. 1-ші мамырдан 30 мамырға дейін кітапхана балалар суреттерін қабылдап, …

Сәлем, жазғы демалыс: балалар мерекесі

01.06.2018

Бүгін балдырғандарымыздың ең жақсы, ең көңілді көптен күткен мерекесі – шуақты жаз мерекесі басталды! Жазғы демелыс! 1 маусым күні Абай атындағы кітапханада Халықаралық балаларды қорғау күніне  орай «Сәлем, жазғы демалыс»  атты мерекелік шара өткізілді. Балаларды қорғау – әрбір сәбидің тыныштығын …

«Алаштың сөнбес жұлдыздары»: танымдық сағат

31.05.2018

2018 жылдын  31 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында, 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштың сөнбес жұлдыздары» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.  Аталмыш шара үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде шара қонақтарын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне …

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек: еске алу кеші

31.05.2018

30 мамыр күні Абай атындағы кітапханада ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттаушы, дәстүрлі әнші Келденбай Раузаұлы Өлмесековтің туғанына 65 жыл толуына орай, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты еске алу кеші өткізіліп, ғаламтор оқырмандарына арналған виртуалды көрменің тұсауы …

Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері: электрондық кітаптың тұсаукесері

30.05.2018

30 мамыр күні Абай атындағы кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» атты электрондық кітаптың тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығының директоры Рамазанов Сымбат Садыржанұлы, Абай кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы Марина …

Абай атындағы кітапхананың сирек басылымдар қорындағы латын қарпіндегі басылымдар: кітап көрмесіне шолу

30.05.2018

29 мамыр күні Абай атындағы кітапханада «Алтай» өңірлік телеарнасы «Латын әліпбиі дәуірі» бағдарламасы үшін «Сирек басылымдар қорындағы латын қарпіндегі басылымдар» атты көрмеге қойылған кітаптарға бейнетүсірілім түсірді. Кітапхана қызметкерлері журналистерді Қазақстанда латын әліпбиіне көшу тарихымен таныстырды. 1930 жылдары латын қарпінде жарық …

«Қаз-Сақ» жастар шығармашылық бірлестігі: дөңгелек үстел

30.05.2018

29 мамыр күні қаламызда жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының жанынан Семей қаласының «Қаз-Сақ» жас әдебиетшілер бірлестігінің жиыны өтті. Бұл бас қосудың алғашқы отырысында болашақта жұмыс жасайтын бірлестіктің құрылтай құжаттарының тізімі анықталды. Бірлестік қаламыздағы жас әдебиетшілер …

Қазақстанның дала аңыздары: өлкетану экспедициясы

29.05.2018

25 мамырда Абай кітапханасы тарихи-этнографиялық және өлкетану экспедициясының ұйымдастырған Семей қаласы аумағындағы Көкентау обалары мен қоныстарын зерттеу шараларына қатысып қайтты. Экспедицияны ұйымдастырушылар ҚР-ның Мемлекетаралық «МИР» телерадиокомпаниясы.  Телерадикомпания ТМД елдерін ақпараттандыруда «Қазақстанның дала аңыздары»  жобасын жүзеге асырады.  Экспедицияның мақсаты – Шығыс …

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру: дәріс

28.05.2018

28 мамыр күні Абай кітапханасында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру» тақырыбында дәріс өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қызметкері Г.Ж.Исимбеков дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі мақсаттары мен стратегияда қолданылатын мақсатты көрсеткіштерді түсіндірді.  Шара барысында …

Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»: оқырмандар конференциясы

23.05.2018

Кітапханамызда 23 мамыр  күні  республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында осы жылға таңдалынып алынған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, соғыс тақырыбындағы көптеген шығармалардың авторы, Ұлы отан соғысы туралы жазылған шығармалардың басты кейіпкері, қазақ халқының ардақты да асыл ұлы, Халық …