1243-1260 / 2584

Отан қорғауға дайынбыз!: патриоттық ойын сайысы

03.05.2018

3 мамыр күні Абай кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арнайы «Отан қорғауға дайынбыз!» атты танымдық патриоттық мерекелік шара ұйымдастырылды. Мәдени шараға қаламыздағы №16, №35 ЖББО мектептердің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Бейбіт …

Соғыс оты шарпыған әндер: әдеби-музыкалық кеш

03.05.2018

9-мамыр Жеңіс күні! Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын-байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осынау мерейлі күнге …

Сұрапыл соғыс жаңғырығы: ән кеші

03.05.2018

29 сәуір күні 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, Абай кітапханасының қабырғасында құрылған «Кілт» авторлық ән клубы, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігі және Республикалық «Лад» қоғамдық қорының Семей бөлімшесімен бірлесіп ұйымдастырған «Сұрапыл соғыс жаңғырығы» атты ән кеші өтті. Концертте Ұлы Отан …

Ұлы Жеңіс: Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран: кең көлемді экспозициялық кітап көрмесі

03.05.2018

Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарынан сыр шертетін  отты жылдарға арналған өлеңдер, проза, мемуарлар мен естеліктер, батырларымыздың ерен ерліктерін паш ететін кітаптар көптеп саналады. 9 – Мамыр Ұлы Отан соғысы кезіндегі  халқымыздың ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта …

Компьютерлік графика негіздері: тренинг

28.04.2018

2018 жылдың 23-28 сәуір аралығында компьютерлік графика бойынша қатысушылардың білімін кеңейту мақсатында «Компьютерлік графика негіздері» тренингін өткізді. Графика негіздерін үйрене отырып, тренинг мүшелері зейнеткерлер осы тренингте түс пен реңді түзету, суретті өңдеу, кемшіліктерді жою, сурет параметрлерін өзгерту, кадрлеуді жүргізу, өз …

Орманды өрттен қорғайық: қалалық слет

28.04.2018

27 сәуір күні Абай атындағы кітапханасы қызметкерлері  ішкі саясат бөлімі  және білім беру бөлімімен  бірлесе отырып  «Саябақтар маршы – 2018» халықаралық қозғалыс  аясында, өрттен қорғау күніне 100 жыл толуына және Ұлы Жеңіс күніне орай, «Парк шеруі» атты колледждер арасында слет …

Ел жүрегі – Астана: кең көлемді кітап көрмесі

27.04.2018

Еліміздің ішкі тұрақтылығы мен тыныштығын, ынтымағы мен бірлігін дәріптеу мақсатында 27 сәуір күні “Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы мен Семей қалалық Достық үйінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдық мерекесіне орай «Адамзаттың бәрін сүй, …

Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы

25.04.2018

Қасым Қайсенов көзі тірісінде аңызға айналған жан. Ол туралы бірнеше жыл бұрын өзі жазып кеткен кітаптарда, деректі фильмде оны танитын адамдардың есінде. 25 сәір күні Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында аты аңызға айналған батыр, «Халық қаһарманы», қазақтың атақты жазушысы Қасым Қайсеновтың …

Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы: оқырмандар конференциясы

25.04.2018

Кітапханамызда 25 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша таңдалынып алынған жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологы бойынша оқырман конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға қатысқан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік …

Сыйға тартылған кітап

25.04.2018

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында жақсы жаңалық. «Прииртышье» өлкетану қорының мүшесі, Ш.Уалиханов атындағы «Жас ұлан» мектеп-лицейіндегі әскери-патриоттық «Даңқ» мұражайының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Хаджы-Мұрат Шаяхметұлы Илиуф  кітапхана қорына бірнеше кітап сыйлады, соның ішінде Илиуфтың өзінің «О происхождении некоторых этнонимов» …

Шытырман оқиғалы шығармалар: әдеби отырыс

25.04.2018

Бүгінгі таңдағы жастардың әдеби мәдениеті әртүрлі жанрдағы, әсіресе шытырман оқиға желісінде жазылған  шығармаларды қамтиды. «Диалог» клубының  жастар қанатының кезекті отырысы аталмыш тақырыпқа арналды. Клубтың әрбір қатысушысы шытырман  оқиға жанрындағы оқыған шығармаларымен бөлісті. «Жастар неге шытырман оқиға жанрындағы әдебиеттерді ұнатады?» деген …

Бір шаңырақ астында: этнографиялық достық кеші

24.04.2018

1 мамыр күні Қазақстан халқы Қазақстандағы халықтар достастығы күнін тойлайды. Қазақстан Республикасында 130 дан аса ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Бұл мейрам көпұлтты мемлекеттің біртұтастығымен салт-дәстүрлері, тарихының қымбаттылығымен ерекшеленеді. Осы даталы күнге орай 24 сәуір күні Абай атындағы кітапханада …

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: жаңа оқулықтар таныстырылымы

24.04.2018

Абай атындағы кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы орай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген жаңа оқулықтардың таныстырылымы ұйымдастырылды. Елбасының осы мақаласы шыққаннан бері әлем мойындаған ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару …

Семей қаласындағы эвакогоспитальдар: өлкетану қонақжайы

24.04.2018

2018 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы кітапхана «Прииртышье» өлкетану қорымен және «Туған қалам» қоғамдық қорымен  бірлесе отырып «Өлкетану қонақжайы» клубының кезекті отырысын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы «Семей қаласындағы эвокогоспитальдар» тақырыбына арнайы ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Семейге бес госпиталь көшіріліп …

Кітап сыйла: акция

23.04.2018

Қисық кетіп, қапасқа түскендер темір тордың арғы жағындағы тыныс-тіршілікті кітаптан, мерзімді басылымдардан оқып біледі. Сондықтан да, Абай атындағы кітапхана Бүкілдүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай қаламыздағы 156/15 (№35 колония) жазасын өтеушілер колониясына жиыны 300-ге жуық кітапты сыйға берді. 156/15 …

Астана – Тәуелсіздіктің символы: әдеби-сазды кеш

21.04.2018

Астана – ұлан-ғайыр еліміздің  бас қаласы, әлем таныған жас қала.  Тәуелсіздігіміздің символы іспеттес Астанамыздың мерейтойына орай  21 сәуір күні  Абай кітапханасында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс- шараға  арман қала Астанаға базарлық ретінде  өз арнауларымен кітапхана жанынан құрылған «Поэзия бұлағы» жас ақындар …

Рухани жаңғыру: Latyn- құнды мұра: ретро-көрме

20.04.2018

2018 жылдың 20 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығының, Шығыс Қазақстан  облыстық  білім, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармаларымен бірлесе отырып ұйымдастыруымен өткен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының …

BookChallenge «Миыңды шынықтыр»: акция қорытындысы

20.04.2018

7 ақпан мен 18 сәуір аралығында Абай  атындағы кітапхана оқуды, жаңа дүниелерді үйренуді және өз білімінің көкжиегін кеңейтуді ұнататын жандар үшін  «Миыңды шынықтыр» атты  BookChallenge жариялады.   Жобаның негізгі мақсаты: оқуға және кітаптарға деген сүйіспеншілікті арттыру,    кітап оқуға ынталандыру,  әдебиеттерге деген қызығушылықты тудыру. Акция туралы …