1-18 / 2608

Ғалым, абайтанушы, қоғам қайратері Қайым Мұхаметхановты еске алу күні

30.06.2014

2014 жылдың маусым айының 30-шы жұлдызында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, абайтанушы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхаметхановтың дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай ғалымды еске алу күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Қазақ халқының салт дәстүрлері: этно-шолу

25.06.2014

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 25 маусымы күні «Этно – мәдени білім баршаға» секциясы аясында оқырмандарды ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің жетістіктерін білуге қатыстыру және эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Қазақ халқының салт дәстүрлері» тақырыбындағы кітап көрмесіне этно-шолу өткізді.

Компьютерлік графика: тренинг

20.06.2014

Өткізілген уақыты: 11-20 маусым 2014 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығы. Қатысушылар: мүмкіндіктері шектеулі адамдар. Шараның мақсаты: компьютер графика бойынша білімін кеңейту. Күтілетін нәтиже: алған білімдерін қызметтерінде қолдану.

Қазақ әдебиетінің құлагері: кітап көрмесі

17.06.2014

2014 жылдың 17 маусымында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің құлагері» атты кітапхана пайдаланушыларына арнап кітап көрмесін ұйымдастырды.

Батыр қыз Әлия: онлайн-кездесу

15.06.2014

2013 жылдың тамыз айында ұлы Абайдың туғанына 168 жыл толуына арналған телекөпір Ақтөбе облысының Қобда аудандық кітапханасымен өткен болатын. Сол шарада семейліктер тарапынан келесі кездесу Әлия Молдағұлова өмірінің беймәлім парақтарына арналса деген ұсыныс болды. Міне, 2014 жылдың 15 маусымында Абай …

Нариман Сұлтанбеков: шығармашылық кездесу

12.06.2014

2014 жылдың 12 маусымы күні Абай атындағы кітапханада ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Алтын Жұлдыз» ұлттық телепремиясының лауреаты, жарнама агенттігінің директоры, бірегей тұлға жерлесіміз Нариман Сұлтанбековпен кездесу кеш өтті.

Қазақстан –Франция: мәдениет сабақтастығы: басылымдар көрмесі

12.06.2014

Абай атындағы кітапхна 2014 жылдың 12 маусымы күні Қазақстанның Франциядағы күніне орайластырып – «Қазақстан –Франция: мәдениет сабақтастығы» тақырыбында мерзімді басылымдар көрмесін ұйымдастырды.

Ағылшын клубының маусымдық отырысы: пікірталас

12.06.2014

2014 жылы 12 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Америка бұрышы аясында «Ағылшын тілін қай деңгейде білесіз?» тақырыбында «Englishfrienship» ағылшын клубының маусымдық соңғы отырысы өткізілді.

«Компьютерлік сауаттылық» жобасының алғашқы қарлығашы

12.06.2014

Мүмкіндігі шектеулі жандар ішінен ақпараттық технология саласында кәсіби түрде жұмыс жасауға қабілетті азаматтарды таңдап алуға бағытталған, 2013 жылы іске қосылған «Компьютерлік сауаттылық» жобасының алғашқы түлегі Дима Лободенко болды.

Оқитын Семей!: акция

11.06.2014

Абай атындағы кітапхана 2014 жылдың 11 маусымы күні Орталық саябақта қала тұрғындары үшін кітап оқылымды насихаттап, жұртшылықтың назарын кітап оқуға аудару мақсатында ерекше үлгіде «Оқитын Семей» акциясын өткізді.

Қазақтың ұлттық ойындары: танымдық сағат

10.06.2014

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 10 маусымы күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған онкүндіктің аясында қалалық №7 мектеп – лицей жанындағы жазғы демалыс лагері оқушыларына «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында танымдық сағат өткізді.

Отбасы – мемлекеттің әлеуметтік ортасы: басылымдар көрмесі

07.06.2014

Абай атындағы кітапхна 2014 жылдың 7 маусымы күні қала тұрғындарына Отбасы жылына орайластырып –«Отбасы- мемлекеттің әлеуметтік ортасы» тақырыбында мерзімді басылымдар көрмесін ұйымдастырды.

Үлгілі отбасы – тәуелсіз елдің тірегі!: кездесу кеш

06.06.2014

2014 жыл БҰҰ шешімімен Отбасы жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай 2014 жылдың 6 маусымы күні Абай атындағы кітапханада «Үлгілі отбасы – тәуелсіз елдің тірегі!» тақырыбында екі буын көпбалалы отбасыларымен кездесу кеш ұйымдастырылды.

Өлкетанушыға ескерткіш тақта қойылды

06.06.2014

Өмірден өзі өтсе де есімі облыс тарихында қалған белгілі тарихшы, өлкетанушы, Абай атындағы кітапхананың тұрақты оқырманы, «Летопись Семипалатинских улиц», «Семипалатинск. Три века истории», «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» т.б. кітаптар мен басылымдардың авторы Виктор Николаевич Кашляктың есімін сақтау мақсатында, тұрған …