1-18 / 2625

Н.Я.Коншин – далалы өлкені зерттеуші : ретро көрме-шолу

30.07.2014

30 шілде 2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Абай рухани орталығында кітапхана пайдаланушыларына далалы өлкені зерттеуші, тарихшы, этнограф Н.Я. Коншинның туғанына 150 жыл толуына орай «Н.Я.Коншин – далалы өлкені зерттеуші» атты ретро көрме-шолу ұйымдастырылды.

«Киіз басу – ши тоқу» кәсіби шеберлік классы

23.07.2014

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2014 жылы 23 шілде күні ұйымдастырылған «Киіз басу – ши тоқу» кәсіби шеберлік классы «Шебер қолдар» үйірмесінің жарты жылдық қортындылау кешіне арналды.

Әлемнің жеті кереметі: фото-суретті көрме

18.07.2014

Абай атындағы кітапхана 2014 жылы 18 шілде күні «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында фото-суретті көрмесі ұйымдастырды. Танымдық фото-сурет көрмесі жазғы саяхатшылар мен демалушы қала тұрғындарына, кітапхана пайдаланушыларына арнайы ұсынылды.

Шәкәрімнің шығармашылығы: кітап көрмесі

16.07.2014

2014 жылдың 16- шы шілдесінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шәкәрм Құдайбердіұлының туғанына 156 жыл толуына орайластырып «Шәкәрім шығармашылығы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кел жастар, біз бір түрлі жол табайық: библиодаңғыл

11.07.2014

11 шілде 2014 жылы «Біздің қаламыздың көшелеріне берілген есімдер» акциясы шеңберінде Абай атындағы кітапхана ұлы ойшыл, ақын, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай «Кел жастар, біз бір түрлі жол табайық» библиодаңғыл дайындады.

Қазақтың шешендік өнері: көрме-диалог

09.07.2014

2014 жылдың 9 шілдесі Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері жазғы демалыс күндеріне арналған Жеңіс саябағындағы Арбатта «Қазақтың шешендік өнері» көрме-диалог ұйымдастырды.

Абайдың рухани орталығы: саяхат

08.07.2014

2014 жылдың 8 шілдесінде Астана қаласынан ғылыми жобалары аясында келген Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің оқушыларын «Абайдың рухани орталығындағы» кітапхананың алтын қоры – заманында хакім Абай оқыған қазына қормен, өлкетану ғылыми басылымдарымен, түркітануға қатысты сирек дереккөздермен кеңінен таныстырдық.

Менің қалам объективте: көшпелі фотосессия

08.07.2014

8 шілде 2014 жылы Абай атыңдағы кітапханасында «Объектив» фотоклубы аясында мүмкіндіндігі шектеулі тұлғаларға Семей қаласының 296-жылдығына арналған «Менің қалам объективте» тақырыбында көшпелі фотосессия ұйымдастырылды.

Есімі еліне мәшһүр жазушы: әдеби кездесу

08.07.2014

2014 жылдың 8 шілдесінде Абай атындағы әмбебап кітапханада Астана қаласынан келген Н.Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебінің оқушыларымен «Есімі еліне мәшһүр жазушы» атты тақырыпта жазушы Медеу Сәрсекемен әдеби кездесу өтті.

Жүктеп алыңыз да, бірден оқыңыз!: акция

03.07.2014

2014 жылдың шілде айының 3-4 жұлдызы аралығында Абай кітапханасы қала тұрғындарына арнап, «Оқитын Семей» акциясы аясында «Жүктеп алыңыз да, бірден оқыңыз!» атты QR-кодты кітап сөресі жобасын жұртшылық назарына ұсынды.

Жас Астанамыздың жастық лебі: видео-саяхат

02.07.2014

2014 жылдың 2-шілдесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласының қарттармен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медицина-әлеуметтік мекемесінде Астана күні мерекесіне орай «Жас Астанамыздың жастық лебі» видео-саяхат ұйымтастырды.

Қазақстан: өрлеу жолында: ақпараттық сағат

01.07.2014

2014 жылдың 1-ші шілдесінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Астана күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімшесі сарбаздарына «Қазақстан: өрлеу жолында» атты ақпараттық сағат өткізді.

Ұлт көшбасшысы: кітап көрмесі-шолу

01.07.2014

2014 жылдың 1-ші шілдесі күні Абай атындағы әмбебап кітапхнасы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімшесінде «Ұлт көшбасшысы»: атты кітап көрмесін ұйымдастырды.