1-18 / 2625

Ата Заң – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі: дәріс сағаты

26.08.2014

2014 жылдың 26 тамызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Конституция күніне орайластырып, қарттар үйінің тұрғындарына арнап, «Ата Заң – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында дәріс сағатын ұйымдастырды.

Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар: байқау

21.08.2014

2014 жылдың 21 тамызында Абай атындағы кітапхана «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» тақырыбында аймақтық байқауға қатысты. Бұл байқау «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында өткізілді.

Француз саяхатшылары қонақта

17.08.2014

2014 жылдың 17 тамызы күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында Француз саяхатшылары Мичел Гайлетон, Роберт Гайлетон, Жоли Даниел, Жоли Мартин қонақта болды.

Германия елшілігінің сыйға тартқан кітаптары: тұсаукесер

14.08.2014

Абай атындағы әмбебап кітапханасында ұлы Абайдың 169 жылдық мерекесі қарсаңында 2014 жылдың 14 тамызы күні Астана қаласынан келген Германия Федеративтік Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Джонни Крамер қонақта болды.

Әлем Абайды тануы керек: американдық зерттеуші

13.08.2014

2014 жылдың 13-14 тамызы күндері Абай атындағы әмбебап кітапханасында Американың Мәдениет дипломаты, «Компани Е» компаниясының бас директоры, Смитсон университетінің арнайы өкілі Пол Гордон Эмирсон мен аудармашысы А.Райымжанова болашақта Вашингтонда өтетін «Әлем Абайды тануы керек» жобасына мәліметтер жинау мақсатында іс-сапарда болды.

Абай Құнанбаев – ұлтымыздың рухани мақтанышы: әдеби-сазды кеш

06.08.2014

2014 жылдың 6 тамызында Абай атындағы кітапхана Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қалалық мәдениет сарайымен бірлесіп, қазақтың Ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай ескерткіші алаңында «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың рухани мақтанышы» атты әдеби- сазды кеш …

Әлемге танылған тұлға : көрме-шолу

02.08.2014

2 тамыз 2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Әлемге танылған тұлға» атты көрме-шолу ұйымдастырылды. Іс-шара «Нұр Отан» партиясының кезекті семинарына қатысушыларына арналған.