1-18 / 2608

Электрондық кітапхана: шеберлік сыныбы

13.11.2015

2015 жылдың 13 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері мен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қызмет орталығының жетекшісі Н.Б.Харламовамен шеберлік сыныбы өтті.

Абай музейін мерейтойымен құттықтаймыз!

13.11.2015

2015 жылдың 13 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып әріптестерін құттықтап қайтты.

Далалы өлкені зерттеуші: Ш.Уәлиханов көшесі бойымен библиокруиз

13.11.2015

13 қарашада Абай кітапханасы қызметкерлері қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы көше бойында қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180-жылдығына орай «Далалы өлкені зерттеуші» атты библиокруиз ұйымдастырды.