Туған өлке – тұнған тарих, қазынам: кең көлемді кітап көрмесі

08.08.17

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» жобасы аясында Абай атындағы кітапханада пайдаланушыларға арналған «Туған өлке – тұнған тарих, қазынам» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл ұйымдастырылып отырған көрме біздің ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысымыз, қарт Ертістің жағалауында орналасқан Шығыс Қазақстанның тарихы мен бүгіні жайлы сыр шертеді. Тарихы терең өзінің бай материалдық-рухани мұрасымен, архитектуралық кескін-келбетімен, музейлерімен, театрларымен, оқу орындарымен Семей еліміздің рухани астанасы деген атаққа ие. Оқырмандар өлкеміздің өнеркәсіп кешендері, тарихи-мәдени орындары, ескерткіштері, шығыс өңірінен шыққан атақты адамдары және олардың шығармалары, қала мәдениетінің гүлденуіне үлес қосқан тұлғалары, ақын-жазушылары, әнші-сазгерлері туралы жинақталған материалдармен танысты. Қаламыз жайында жазылған тарихи деректер туған өлкеміз туралы білгісі келетін оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятты.