Ұлт денсаулығы – XXI ғасырда: кітап көрмесі

10.08.17

10 тамыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Ұлт денсаулығы – XXI ғасырда» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана пайдаланушыларын интеллект өрісін биіктету, рухын шыңдау, сананың сапа деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын ұстану, жалпы қалай денсаулықты шынықтыру, күту керектігін осы көрмеге қойылған кітаптар, баспасөз басылымдарындағы ақпараттар қатты қызықтырды. Көрменің мақсаты: жастарымызға өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауы, жан мен тән саулығын нығайтуы, зиянды нәрселерден, жат әдеттерден аулақ болуы, қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырулары болашақтың жарқын кепілі, ел дамуының аса маңызды тұтқасы екенін ұғындыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Халық денсаулығы» атты Мемлекеттік бағдарламасында халықтың денсаулығын нығайту – мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі деп айтып өткен болатын. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым, әрқайсымыздың жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс.