Колумб күні: портрет кеші

12.10.17

12 қазан күні  Абай атындағы әмбебап  кітапхана қызметкерлері «Америка сөресі» аясында, ағылшын тілі курсына қатысушыларымен АҚШ-та тойланатын «Колумб күні» мейрамына орай портрет кешін ұйымдастырды.  Христофор Колумб – әйгілі жиһангез әрі саудагер. Ол жиһангездігінің арқасында, көздеген мақсатына жетті, адамзатқа жаңа материк ашты. Осыдан соң,  Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарындағы көптеген жер, су, арал, түбектер, асқар таулар  оның есімімен аталды. Бұл – оған арналған мәңгі ескерткіш. АҚШ- та Колумб күні ерекше аталып өтеді. Тіпті кейбір қалаларында арнайы түрде шерулер мен салтанатты шаралар ұйымдастырылады.

Іс- шараға қатысушылар оның  өмірбаянымен танысып , саяхат жасаған жерлері және ол арқылы Еуропаға әкелінген өсімдіктер жайында бейнекөрсетілім тамашалады. Қатысушылар тақырыпқа қатысты викториналық ойында белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды. Іс- шара соңында мейрамға арнайы жасақталған  «Колумб күні» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.


.