Өлке тарихын зерттеуші: өлкетану сағаты

07.11.17

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында 7 қараша күні өлкетанушы, ғалым, Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің құрылтайшысы Герасимов Борис Георгиевичтің туғанына 145 жыл толуына арналған «Өлке тарихын зерттеуші» атты тақырыпта өлкетану сағаты өтті.

Кітапхана қызметкерлері өлкетану  сағатында өлкетанушы ғалымның өмірі, өлке тарихын зерттеудегі жүргізген сан алуан зерттеу жұмыстары жайлы кеңінен тоқталып, кітапхананың сирек қорында сақталған еңбектерімен таныстырды.

Кітапхананың сирек қорында сақталған  өлкетанушы  Б.Герасимовтің  1912 жылы Императорлық Ресей Географиялық Қоғамының күміс медаліне ие болған құнды еңбектерінің бірі «Въ долине Бухтармы» очеркі болып табылады.  Автор старообрядтықтардың, каторгаға айдалғанар мен Алтай зауыттарынан қашқандардың Бұқтарма өлкесіне орналасуын боямасыз бейнелеген. Б.Герасимов тұрғындардың этнографиялық құрамын, олардың киімін, әшекей бұйымдарын шебер суреттей білген.

Оның қаламынан туған жүзден аса ғылыми еңбектері мен екі мыңнан астам тарих,  этнография, география, археология мәселелеріне байланысты мақала, очерктері әлі күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.  Шараға қатысушылар ерттеушінің кітапхана қорында сақталған: «Поъздка на Рахмановскіе минеральные ключи», «Поездка  в Южный Алтай», «К вопросу о раціональном пчеловодствъ на Алтаъ». (Краткая замътка) съ 10-ю чертежами Алтайского улья», «Ссыльные поляки въ Семипалатинской области» (Краткій историческій очеркъ), «Поездка  на Барлыкские минеральные  источники 1903г.»,  «Бычки въ Иртышъ», «Градъ въ Устькаменогорскъ» баға жетпес құнды еңбектерімен танысып,  маңызды мағлұматтар алды.