Санқырлы Швейцария: бейнегид

09.11.17

Швейцария – Еуропаның орталық бөлігінде орналасқан, Альпі тауларының нақ жүрегіндегі ғажайып сұлулықтың кішкене елі. Швейцария сұлулығы барлық ұлт өкілдерін өзіне тартады.

2017 жылы 9 қараша күні «Санқырлы Швейцария» тақырыбында бейнегид кітапхана пайдаланушылары мен «Радиотехника және байланыс» колледжі студенттеріне ұйымдастырылды. Бейнекөрсетілімде Швейцарияның көрікті жерлері мен тарихи орындары туралы ақпараттар беріліп, іс-шара өз деңгейінде өтуі үшін «Швейцария туралы не білесіз?» атты викториналық ойын ойнатылып, белсенді қатысушыларға кітапхана атынан естеліктер таратылды.