Егемен елдің ұлы мейрамы: әдеби-сазды композиция

13.12.17

13 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Егемен елдің ұлы мейрамы» атты әдеби-сазды композиция өтті. Шараға Семей көпсалалы колледжінің студенттері, №8 балалар үйінің тәрибеленушілері, кітапхана пайдаланушылары қатысты.

Шара барысында Абай атындағы кітапханада практикадан өтіп жүрген Семей көпсалалы  колледжінің студенттері еліміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері мен тәуелсіздік жолындағы тарихымыздан пайдаланушыларға ауқымды ақпарат берді. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отырғаныдығы жайында айтып өтті.

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия оқушылары Айтмашева Алия, Тлеубердина Гульназ, Қасымбек Аяулым «Мәңгілік ел» әнін орындап, Семей көпсалалы колледжінің студенттері Рымхан Дана мен  Есенбекова Мадина биден шашу шашып, қатысушыларға мерекелі көңіл-күй сыйлады. Экраннан «Мәңгілік ел үшін» атты деректі фильм көрсетілді. Семей көпсалалы  колледжінің студенті Тыныбаева Арманай  «Тәуелсіздік жолында» өлең жолдарын мәнерлеп айттып берді. Аталмыш мерекеге арнап №8 балалар үйінің  тәрбиеленушілері  Лазарек Саша, Ананьев Максим, Трофименко Илья, Харламова Влад әдеби монтаж қойып, өлең жолдарын оқыды.

Мәдени шараға қатысушылардың назарына тәуелсіздік күні орай «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында, кітапханадан тәжірибеден өтіп жүрген тәлімгер Бейсенбекова Мадина кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Көрмеге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», А.Айталы «Байсалды ел байқаусыз қате жібермесін», «Древо независимости:от истоков к процветанию», «Тәуелсіздік шежіресі», Ш.Елеукеновтың «Тәуелсіздік биігінен», М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», А.Морозов «Казахстан за годы независимости», «Летопись независимости» және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, альбомдар, мерзімді басылымдар, фото-суреттер қойылып, буклеттер таратылды.