Тәуелсіз Қазақстан – ортақ атамекен: кітап көрмесі

13.12.17

 

13 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан – ортақ атамекен»  тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан – өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Бүгін біз Тәуелсіз ел деп, Отанымыздың иелі болуын, ана тіліміздің киелі болуын, ата тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз. Ендеше тәуелсіздік деген біздің бас ұранымыз, көгілдір Туымыз, біздің болашақ бағымыз, атар нұрлы таңымыз.

Шараға қатысушылардың назарына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», А.Айталы «Байсалды ел байқаусыз қате жібермесін», «Древо независимости:от истоков к процветанию», «Тәуелсіздік шежіресі», Ш.Елеукеновтың «Тәуелсіздік биігінен», М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», А.Морозов «Казахстан за годы независимости», «Летопись независимости» және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, альбомдар, мерзімді басылымдар, фото-суреттер қойылып, шолу жасалды.

Шараға студенттер, кітапхана пайдаланушылары, БАҚ өкілдері қатысты.