Әуезов оқулары

20.12.17

20 желтоқсан Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері Мұхтар Әуезовтың туғанына 120-жыл толуына орай Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университетінің, филология факультетінің студенттеріне «Әуезов оқуларын» ұйымдастырды.

Шара барысында студенттер Абай кітапханасының қорындағы Мұхтар Әуезовтың «Абай» романы мен «Жетім» әңгімесінен үзінді оқып,  осы шығарма желісін өз араларында талқылады. Сондай-ақ,  жазушының  өмірі мен шығармашылығына арналған викторина ойынына қатысып, өз білімдерін тереңдете түсті.

Шара соңында кітапхананың сирек қорындағы жазушының шығармаларына арналған әдебиеттерге  шолу жасалды. Аталмыш шолудағы 1945 жылы Алматы қаласында жарық көрген М.О.Әуезов пен  М. Кенжебаевтың «Абай – великий казахский поэт», 1954 жылы шыққан М.О.Әуезовтың «Великий поэт казахского народа Абай Құнанбаев» және «Гослитиздат» (1950ж.) баспасынан шыққан «Абай» романдары студент қауымының қызығушылығына ие болды. Жазушының шығармаларынан үзіңді оқыған және викторинаға белсеңе қатысқан үздік студенттерге сыйлыққа кітаптар берілді.