Сабақты жоспарлау: семинар

20.12.17

20 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада қаланың мектеп және ЖОО-ғы ағылшын тілі оқытушыларына арналған «Сабақты жоспарлау» тақырыбында ағылшын тілінде семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға №1, 6 мектептің, «Жасұлан» мектеп-лицейінің, Д.Қалматаев атындағы медицина колледжінің және ҚазИЗУ-нің ұстаздары қатысты. Семинарды  американдық оқытушы Сандра Ли жүргізді. Семинар барысында сабақ жүйесін жоспарлау, лексика-грамматиканы оқыту мәселелері талқыланып, қатысушылардың ой- пікірлері тыңдалды. Семинар соңында әрбір қатысушыға сертификат табысталды.