Интернетте ақпаратты іздестіру: тренинг

25.12.17

2017 жылдың 20-24 желтоқсан аралығында зейнеткерлер үшін «Интернет және электронды пошта» оқыту тренингі өтті. Оқу барысында қатысушы зейнеткерлер Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісінде сөйлесу, т.б. үйренді. Қазіргі уақытта жаңа технологияларды білу өте қажет. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушылардың көңілінен шықты, өздерінің жаңа өмірінде белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Зейнектерлерге Интернет жүйесінде сәттілік тілейміз.