2017 жылдың нәтижесі: онлайн-конференция

27.12.17

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 26 желтоқсан күні Абай атындағы кітапхана, Батыс Қазақстан облыстық кітапханасы, АОУБ Сейфуллин атындағы кітапханалары ҚР Ұлттық Академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен онлайн-конференцияға қатысты.

Конференция барысында кітапханашылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралармен бөлісіп, белсенді оқырмандарды құрметтеп, Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасында ең көп оқылған кітаптарды атап өтті. Іс-шараның соңында кітапханашылар өз әріптестерін құттықтап, алдағы жылға шығармашылық табыстар тіледі.