Кітап сыйлау уақыты: акция

08.01.18

«Мейірімділік жаса» атауымен бастау алған акция аясында ағымдағы жылдың 8 қаңтар күні, Абай атындағы кітапханада «Болашақ-Семей» қоғамдық қайырымдылық мекемесінде ашылатын кітапхана бөлмесі үшін «Кітап сыйлау уақыты» акциясы өткізілді.

Қайырымдылық мақсатында 30-дан астам көркем әдебиет және т.б. кітаптар сыйға тартылды. Олар Абайдың «Қара сөздері», Б.Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы», Т.Рахимовтың «Сәби болғым келеді», Б.Жамакаевтың «Махаббат вальсі», Д.Лондонның «Тектік сарын», Р.Стивенсонның «Қазына аралы», «Өмірге құштарлық» және т.б.  Келген қонақтар кітапхана қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп, ұжым жұмысына шығармашылық табыстар тіледі.