Танымал тұлғалар – мерейтойы иелері : әдеби калейдоскоп

12.02.18

10 ақпан күні Абай кітапханасы шетел әдебиеттер бөлімінде Қазақстан, Ресей және шетелдік танымал жазушыларының мерейтойын атап өту, оқырмандармен таныстыру мақсатында «Танымал тұлғалар – мерейтой иелері» тақырыбында әдеби калейдоскоп ұйымдыстырылды. Бұл іс- шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Биыл М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, Дж.Байрон, А.Вознесенский, В.Высоцкий, Л.Толстой, И.Тургенов және М.Горький сынды әлем әдебиеті алыптарының атаулы күндері. Іс- шараға ҚазИГЗУ- нің филология факультетінің студенттері қатысты. Олар «Жазушыны суретінен таны», «Жазушы автобиографиясы», «Атаулы кітаптар -2018» тақырыптарында байқауларға қатысып білімдерінің жоғары екендіктерін көрсетіп, сан қырлы сұрақтарға жауап берді. «Шетел жазушысының бейнесі» айдарында студенттер туғанына 230 жыл толып отырған – Дж.Байронның өмірі мен қызметі жайында ағылшын тілінде ақпарат алып, басқа да мерейгер жазушылар туралы слайд көрсетілімін тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Атаулы кітаптар- 2018» айдарында биылғы жылдың мерейтойлы кітаптары Бокаччоның «Декамерон» (665 жыл), «Ярмарка тщеславия» (190 жыл), «Қамар сұлу» (85 жыл) және т.б кітаптар жайында сыр шертіліп, қатысушылардың ой- пікірлері ортаға салынды. Іс- шара соңында ұйымдастырылған байқауларға белсенді түрде қатысып, дұрыс жауап берген қатысушыларға кітапхана атынан шағын сыйлықтар үлестірілді.