Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәріс

12.02.18

12 ақпан Абай кітапханасында С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серік Төлеубайұлы Елікбаев Шәкәрім атындағы СМУ филология кафедрасының студенттеріне «Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттерге қазіргі қазақ әдебиетінің жай-жапсары, өзекті мәселері жайлы мол ақпарат берілді. Қазіргі қазақ әдебиетінде жүрген жас ақын, жазушылардың шығармалары ортаға салынып, қызу талқыға түсті. Тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдардағы әдебиет пен тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің даму бағыттары салыстырылып, кең көлемде талқыға түсті. Профессор С. Елікбаев дәрісте қазіргі Қазақ әдебиетінің жаһандық өркениет тұрғысынан дамып келе жатқандығына назар аударды.