Ауған соғысының жаңғырығы: кітап көрмесі

13.02.18

13 ақпан күні Офицерлер үйінде Абай атындағы кітапхана «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мәңгілік ел – қазақстандық патриотизм негізі» атты қалалық әскери-патриоттық форумға қатысты.  Кітапханашы мамандар 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, Ауған соғысы туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интернационалдық борышын өтеу жолында жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу мақсатында «Ауған соғысының жаңғырығы»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Жыл сайын 15 ақпан күні Ауған шекарасында жүріп қыршыннан қиылған боздақтар мен көзі тірі интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету дәстүрге айналды. Сол қанды қырғынның ортасынан оралған Кеңес әскерлерінің жауынгерлеріне деген құрмет арта түспесе, кеміген жоқ.

Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері қойылды, сонымен қатар  С.Акимбековтың «История Афганистана», «Когда поют солдаты», «Афганские звезды», А.Тамониковтың «Бой в ливийской пустыне», И.Андроновтың «По волчьему следу», Б.Смағұлдың «Тағдыр тозағы ад судьбы» атты  кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар топтамаларымен толықтырылды.