Дрюон королдері (француз жазушысы Морис Дрюонның туғанына 100 жыл толуына орай): әдеби қонақжай

06.03.18

Француз жазушысы Морис Дрюонның туғанына 100 жыл толуына орай,  6 наурыз күні  «Дрюон королдері» атты әдеби салонның кезекті отырысы өтті. Әдеби салонға тұрақты қонақтардан басқа, жаңадан шақырылған қонақтар да жиналды. Жазушының өмірінің қызықты тұстары, шығармашылығы, әсіресе оның «Қарғыс алған корольдер» циклімен жарық көрген шығармасы сұхбаттың негізгі тақырыбы болды. Дрюон шығармашылығы Францияның қазіргі заман тарихының оқиғаларымен тығыз байланысты. Өз елінің нағыз патриоты, қарсыласу ұйымының белсенді қатысушысы, консервативтік көзқарасты ұстанған жазушы Францияның әлемдік отарлық мәртебесінің жоғалуына, сыртқы саяси дербестігінің және елдің діни-адамгершілік тіректерінің бұзылуына қатты күйзелген.

8 – Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдер бейнесін талқылау басты тақырып екені анық, сондықтан жазушы шығармасынан Маго Артуа бейнесі таңдалып алынды. Себебі, шығармада ол нәзік және бүкіл Франция облыстарының бай билеуші әйелі ретінде суреттеледі.

Жазушының қызметі мен өмірі туралы бейнероликтер, Дрюон шығармаларының сюжетімен түсірілген кинофильмдерден үзінділер тақырыпты толықтырып, кеңейтті.

Әдеби салон қатысушылардың қолынан шыққан тәтті тоқаштармен шәй ішумен аяқталды.