«Ғажайып әйелдер бар таңқалдырар»: кітап көрмесі

07.03.18

2018 жылы 7 наурыз күні Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеті бөлімінің қызметкерлері 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ғажайып әйелдер бар таңқалдырар» тақырыбындағы кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды. Кітап көрмесіне аты әлемге танымал болған әйелдер ғұмырнамасы мен суреттері қойылып, олардың өмір жолдарына шолу жасалды. Атап айтқанда: Калькутталық «Махаббат әпкелер миссионерлері» ұйымын құрушы, Бейбітшілік саласындағы нобель сыйлығының лауреаты – Тереза ана, Ханшайым Кейт Миддлтон, Елизавета ІІ, шытырман оқиғалар ханшайымы атанған, «Мақтаныш пен ескерту» атты классикалық романның авторы, жазушы – Агата Кристи, «Сезім мен сезімталдықтың» авторы Джейн Остин, американдық ақын қыз Эмилия Дикинсон және танымал актриса Джулия Робертс, Одри Хепберн және т.б. туралы ақпараттар қойылды. Сондай-ақ Ақ үйдің бірінші ханымдары, үнді халқының батылы Покахотос туралы да айрықша ақпараттар тыңдармандарға жеткізілді. Аталмыш кітап көрмесіне 25-тен астам ақпарат көзі қойылды.