2017 жылы шыққан техникалық және бағдарламалық технологиялар: шолу

13.04.18

Абай атындағы кітапханасында кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілігін жетілдіру мақсатында 13 сәуір күні оқыту-кеңесі ұйымдастырылды. Білім беру шарасына 7 кітапханашы маман қатысты. Қазіргі кітапхана қызметінің маңызды аспектілері болып табылатын жаңа бағдарламалық технологиялар, қызықты бағдарламалар, т.б. тақырыптар оқыту кеңестің арқауы болды. Кеңесте 2017 жылы шыққан бағдарламаларға шолу өткізілді. Кітапханашы мамандарға жаңа сегіз бағдарлама туралы толық ақпарат берілді. Оқу барысында кітапхана қызметінде Snapseed және Google Презентациялар бағдарламасының тиімді тәсілдерін пайдалану түсіндірілді. Кітапханашылар алған білімін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалануына мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шара кітапханашы мамандардың пайдаланушыға қажетті ақпаратты өндеп, кәсіби түрде безендіріп ұсынуға көмегін тигізеді деп сенеміз.