Ең бағалы сыйлық – кітап: акция

16.04.18

Абай атындағы кітапхана 2018 жылдың 16-шы сәуірі күні Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай Семей қаласындағы туберкулезге қарсы балалар аурханасында «Ең бағалы сыйлық – кітап» акциясын өткізді.

Шараның басты мақсаты аурухананы балалардың тез сауығуы мен ем қабылдауына  қолайлы жағдайлар жасауға көмектесетін кітап басылымдарымен қамтамасыз ету болып табылады. Акция барысында облыстық туберкулезге қарсы диспансерде ем қабылдап жатқан балаларға «Дүниежүзілік балалар әдебиеті», «Мектеп кітапханасы» және «Саяхаттар әлемі» сериясынан ұзын саны 100-ге жуық  кітап сыйға тартылды, олардың арасында ертегілер, өлеңдер, әңгімелер мен танымдық әдебиеттер бар.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері балаларды Дүниежүзілік кітап күнінің тарихымен, сондай-ақ ең танымал қазақ, орыс және шетелдік балалар жазушыларының шығармашылығымен таныстырды.

Мұндай ерекше іс-шара біздің қаламызда алғаш рет, «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясынан кейін өткізілуде. Мұндай іс-шараларды өткізу дәстүрге айналады деп үміттенеміз. Денсаулық – бұл әр адамның ең құнды байлығы. Абай кітапханасының қызметкерлері ем қабылдап жатқан барлық балаларға тез сауығуды және кітаптар әлеміне керемет саяхаттар жасауды тілейді!