Сыйға тартылған кітап

25.04.18

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында жақсы жаңалық. «Прииртышье» өлкетану қорының мүшесі, Ш.Уалиханов атындағы «Жас ұлан» мектеп-лицейіндегі әскери-патриоттық «Даңқ» мұражайының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Хаджы-Мұрат Шаяхметұлы Илиуф  кітапхана қорына бірнеше кітап сыйлады, соның ішінде Илиуфтың өзінің «О происхождении некоторых этнонимов» мақалалар жинағы да бар. Бұл жинаққа автордың ғылыми мақалалары, бірнеше жылғы зерттеулері енген. Автор түркі халықтарының шығу тегі мен бірқатар түркі сөздерінін этимологиясын зерттеп саралады. Сонымен қатар жинаққа бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі латын графикасына көшу жайлы автор өз көзқарасын баяндайды. Латын графикасына көшу қажеттілігі жайлы Илиуф  кеңес уақытында әңгіме қозғап, 2007 жылы осы мәселені жалғастырып «Иртыш» газетіне мақаласы басылып шықты. Аталмыш жинақтың тілі жатық, қызықты баяндалған. Кітап  ұстаздар, студенттер, магистранттар мен түркітанушыларға және де туған жер тарихымен айналысатын оқырман қауымға арналған.