Жастардың әдеби субмәдениеті: «Диалог» әдеби салонының отырысы

05.05.18

Жастар – біздің қоғамымыздың үлкен бір бөлігі. Олардың ересектерден айырмашылығы өздеріне көңіл аудартқанды ұнатады. Жастар өздерінің өмір сүру стилі, ортасы, киім үлгісі, музыка және әдебиетімен де ерекшеленген. Бүгінгі жастар әдебиетінің ерекше түрі антиутопия жанры.

5 мамыр күні Абай кітапханасында «Диалог» әдеби салонының кезекті отырысында «Жастардың әдеби субмәдениеті» тақырыбы талқыланды. Антиутопия жанрының өрбуі, танымал болуы жастарды қызықтырды, әсіресе Джордж Оруэллдің «1984» және «Скотный двор», Рэй Брэдберидің «451 градус по Фаренгейту», Олдос Хакслидің «О дивный новый мир», Евгений Замятиннің «Мы», Энтони Бёрджесстің «Заводной апельсин», Татьяна Толстаяның «Кысь» және осы жанрдағы басқа да әйгілі кітаптар талқыға салынып, антиутопия жанрына керемет мысал бола алады. Кітап көрмесі мен бейнешолу отырысты толықтырып, сәнін келтірді.