Туған жер – алтын бесігім: кітап көрмесі

23.05.18

Абай кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Туған жер – алтын бесігім» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Семей өңірі өнер, әдебиет және ғылым қайраткерлерінің ордасы. Бұл қасиетті жер Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлы, кемеңгер философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, әлемдік әдебиет қайраткері Мұхтар Әуезовты, әнші Әміре Қашаубаевты әлемге танытты. Бүкіл әлем зерттеушілерін қызықтырған өлкенің тұрмысы мен халықтың салт-дәстүрлері туралы қызықты естеліктерін әйгілі саяхатшылар Джордж Кеннан, Семенов Тянь-Шанский, Янушкевич, Паллас, Коншиндер жалпыға жариялаған болатын.

Туған жеріміздің тарихы, Алаштың рухани астанасы Семей жерінің әдеби-мәдени өмірі, қаламыздағы тарихи ескерткіштер туралы қызықты кітаптар мен әдебиет майталмандарының құнды еңбектері қамтылған: «Туған өлке тарихы», «Мәдени ескерткіштер сыр шертеді», «Өлкеміздің әдеби өмірі» мен «Өңір мәдениеті мен өнері» атты төрт бөлімнен тұратын кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.