Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру: дәріс

28.05.18

28 мамыр күні Абай кітапханасында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру» тақырыбында дәріс өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қызметкері Г.Ж.Исимбеков дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі мақсаттары мен стратегияда қолданылатын мақсатты көрсеткіштерді түсіндірді.  Шара барысында қоғамның мемлекеттік билік институттарына деген сенімін, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін нығайту мен қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексі мен қызметтік этика нормаларын сақтау шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, елдің халықаралық қауымдастықтағы беделін көтеруге және халықаралық рейтингтерді жетілдіруге ерекше назар аударылды. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің негізгі бағыттары туралы әңгімеленді.  Дәрісте сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы және ірі сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың жазалану мысалдары келтірілген бейнебаян көрсетілді. Іс-шара соңында  маман шараға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.