Қазақстанның дала аңыздары: өлкетану экспедициясы

29.05.18

25 мамырда Абай кітапханасы тарихи-этнографиялық және өлкетану экспедициясының ұйымдастырған Семей қаласы аумағындағы Көкентау обалары мен қоныстарын зерттеу шараларына қатысып қайтты. Экспедицияны ұйымдастырушылар ҚР-ның Мемлекетаралық «МИР» телерадиокомпаниясы.  Телерадикомпания ТМД елдерін ақпараттандыруда «Қазақстанның дала аңыздары»  жобасын жүзеге асырады.  Экспедицияның мақсаты – Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің сырлары, табиғаттың тылсым жұмбақтары, тарихтың қатпарлы шежірелері мен халық аңыздары туралы ақпараттар беру.

Журналистер «Прииртышье» өлкетану қоғамымен бірлесіп, сонау қола дәуірінен сыр шертетін Семей аумағындағы Көкентаудың сызбасын сызып, ондағы жартаста сақталған суреттерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Іс сапарды ұйымдастырған Шығыс Қазақстан және Семей туризм басқармасы. Экспедицияға қатысушылар журналистер Виталий Попов, Максим Маслов, «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшесі Хаджымұрат Илиуф,  Шәкәрім университетінің ғалымы, тарих ғылымының кандидаты Амантай Исин және Абай атындағы кітапхана маманы Парфенович Марина.  Кітапхана әкімшілігі тарихи маңызы зор экспедицияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін облыстық және Семей туризм басқармасына зор алғысын білдірді. Бұл кітапхананың өлкетану қорын тарихи деректермен  толықтыруда және оқырмандарды елжандыққа дәріптеуде үлкен жетістік.