Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері: электрондық кітаптың тұсаукесері

30.05.18

30 мамыр күні Абай атындағы кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» атты электрондық кітаптың тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығының директоры Рамазанов Сымбат Садыржанұлы, Абай кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы Марина Парфенович қатысты. Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, кітапханашылар, оқушылар шақырылды.

Шара барысында кітап «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғырау» бағдарламасының аясында жарияланып отырылғандығы атап өтілді. Басылымның авторлары біздің жергілікті жазушыларымыз – Әлібек Қантарбаев, Марина Юрченко, Күлмай Сембаева. Кітап – Шығыс Қазақстанның 15 киелі орындары туралы әңгімелердің антологиясы.

Антология Абай кітапханасының, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының қолдап, құрастыруымен глоссарий, әдебиеттердің библиографиялық тізімімен қамтамасыз етілген. Басылымда Өскемен қаласындағы «Дарын» көркемөнер мектебінің,  Семей қаласындағы  «Авэль» арт-студиясының, «Штрих» шығармашылық студиясы, Өскемен қаласындағы оқушылар шығармашылық сарайының оқушыларының  суреттер байқауының жеңімпаздарының жұмыстары пайдаланылды. Тұсаукесер барысында сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шара соңында «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» кітабына енгізілген суреттерден слайд көрсетілімі ұсынылды.