«Алаштың сөнбес жұлдыздары»: танымдық сағат

31.05.18

2018 жылдын  31 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында, 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштың сөнбес жұлдыздары» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.  Аталмыш шара үш бөлімнен тұрды.

Бірінші бөлімінде шара қонақтарын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты қысқаша ақпарат беріліп, биылғы жылы   мерейлі датада туған  алаш қайраткерлерінің  (Ш.Құдайбердиев  – 160 жыл, А.Байтұрсынов – 145 жыл;  М.Жұмабаев – 125 жыл; О.Әлжанов – 145 жыл; Х. Досмұхамедов – 135 жыл; Ы.Мұстанбаев  -120 жыл; Х.Ғаббасов – 135 жыл) өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды.

Екінші бөлімінде, кітапханамыздын сирек қорында сақталған алаш арыстарының еңбектерінен жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды. Ғасырдан ұзақ жасаған асыл мұралар  шараға қатысушылардың  таңданысына ие болды.

Шараның  үшінші бөлімінде қонақтарға  Алаш үкіметінің құрылғанына 100-жыл толу қарсаңында  құрылған «Алаш» электрондық кітапханасының әрбір бөлімімен таныстырылып,  ғаламтор пайдаланушыларға керекті ақпаратты іздеу жолдары көрсетілді.

Танымдық сағат  барысында үлкен экраннан көрсетіліп тұрған «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу»  деректі фильмі толықтыра түсті.