Сәлем, жазғы демалыс: балалар мерекесі

01.06.18

Бүгін балдырғандарымыздың ең жақсы, ең көңілді көптен күткен мерекесі – шуақты жаз мерекесі басталды! Жазғы демелыс!

1 маусым күні Абай атындағы кітапханада Халықаралық балаларды қорғау күніне  орай «Сәлем, жазғы демалыс»  атты мерекелік шара өткізілді.

Балаларды қорғау – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау. Жаздың бірінші күні балаларды қорғау күні, осыған орай кітапханамызда балаларға арналған шағын концерттік бағдарлама көрсетілді.  М. Төлеубаев атындағы музыкалық училище студенті Айым Мамырбаева «Мереке» әнімен балалардың көнілдерін көтерді. №16 орта мектептің 3 «Г» сыныбының оқушысы Серікжан Еркеназ  «Аяулы ана» әнімен көрермендерді тәнті етті. Қаламыздағы «Alpha Dance» студиясының  бишілері тобы  би өнерлерін балалар зор қошеметпен тамашалады. Чекоман ауылынан келген қонақтарымыз көрермендерге өзбек және заманауи тамаша билерімен шашу шашты.

Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген кітапхана қызметкерлері  мерекеге қатысқан балалармен бірге би билеп, ән айтып, мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара барысында кітапханамызда жылы бойы белсенді  жұмыс жасап тұрған «Сиқырлы қалам» атты сурет үйірмесінің белсенді  қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында балдырғандарды таңғажайып оқиғалар әлемін бейнелейтін ұлы ертегішілердің туындыларымен, өздеріне бала кездерінен таныс «Пысық құлан»,  «Қасқыр мен қоян», «Алдар көсе», т.б. «Табиғат ғажайыптары», «Хандар мен батырлар»  сынды танымдық энциклопедиялармен, ойыншықтар, шарлармен безендірілген  иллюстративті кітап көрмесіне шолу жүргізілді. «Гриль-Хаус» рестораны демеушілік көрсетіп  балаларға фуршет ұйымдастырылып, пиццадан ас мәзірін ұсынды.