Елдің құқықтық бағыты: танымдық сағат

02.06.18

2 маусым күні Абай атындағы  кітапханасында Қазақстан Республикасының рәміздер күні аясында, «Елдің құқықтық бағыты» атты тақырыпта  Семей Медициналық университетінің студенттеріне арналып танымдық сағат өткізілді.

Шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерді жан-жақты таныстыру арқылы тыңдаушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті ояту, рәміздерге зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.

Танымдық сағат  әнұранмен басталып,  студенттерге мемлекеттік рәміздердің мемлекетіміздегі орнын, рәміздердің маңыздылығын  әңгімелеп, олардың негізінде Қазақстандық партиотизмді қалыптастыру туралы мағлұматтармен бөлісіп, «Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтанбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты» атты  бейнебаян ұсынылды.

Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы және авторлары жайында мәлімет беріліп, Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің оның даралығы мен тәуелсіздігінің нышаны болып табылатын белгілердің ажырамас бөлігі екені айтылды. Шара барысында оқырмандарға рух беретін  Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония әншісі Түктібаев Бақытжанның  «Жаса қазағым», №44 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Жамбербаев Алидің орындауында «Көк тудың желбірегені» әндері шырқалды.

Шара соңында  кең көлемді «Қазақстан рәміздері – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды.