Табиғаттың сыр-құпиясын тану: экологиялық печа-куча

05.06.18

5 маусым күні Абай кітапханасында  Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай  №2 орта мектеп оқушылары мен Технология колледжінің  студенттері үшін «Табиғаттың сыр-құпиясын тану» атты экологиялық печа-куча өткізілді.

Бүгінгі шара кітапханада печа-куча форматында ерекше өтті, онда  қызықты әрі маңызды ақпаратты оқырман қауым алғашқылардың бірі болып біліп, өзекті мәселелерді талқылап және өз идеяларымен бөлісті.

Кітапхана қызметкерлері презентациямен таныстырып, қатысушыларға осы технологиялардың  авторлары жайында айтып,  печа- куча  форматын  жүргізу жөніндегі   пайдалы кеңестерін берді.  Спикерлер қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің экологиялық сұрақтарына арналған  презентациялар мен баяндамаларды ұсынды.

Ертіс бойындағы  қарағайлы  орманының экологиялық  мәселелері  мен орман өрттері жөнінде «Семей орманы» мекемесінің қызметкері  А.С.Муртазина  баяндады. «Балалар мен жастар шығармашылығы орталығы»  Қоғамдық қорының  жетекшісі Л.Д. Михайлова қоршаған ортаны қорғаудың қызықты тәжірибесімен бөлісті. Облыстық  балалар биологиялық орталығының оқытушысы Л.Н. Жунусованың презентациясы Полковничий аралы  топырағының экологиялық жағдайы тақырыбына арналды.

Қатысушылар өлкетану қоғамының «Прииртышья» бөлімшесінің өлкетанушысы  Н.Р.Владимировнаның халықаралық қауіпсіздік белгілері жөніндегі презентациясына  үлкен  қызығушылық  танытты. Сонымен қатар, креативті жұмыс түрлері бойынша экологиялық тәрбие және ағарту саласына  арналған презентация тақырыбына Абай атындағы кітапхананың әдіскері О.Ф. Мальцева баяндама жасады.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қызықты да, танымды презентациялар ұсынған спикерлер мен презентацияларды талқылау барысында белсенділік танытқаны үшін технологиялық колледж студенті Асылжанов Ерасылды Алғыс хатпен марапаттады.

Ұйымдастырушылар шара барысында табиғат туралы әндер  бейнебаяны мен Т.Смеянаның «Непогода», В.Ланевкаяының «Счастья островок» т.б. әндері тыңдатып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қатысушылар үшін «Табиғатпен үндестік» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде қоршаған ортаны қорғау  мәселелері, Шығыс Қазақстанның экологиялық  қорықтары мен табиғи ескерткіштері туралы кітаптар мен экология тақырыбына арналған  жинақтар қамтылды.