Америка туы күні: ақпараттық сағат

08.06.18

8 маусым күні Абай кітапханасында «Америка туы күні» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараға қатысушыларды «АҚШ рәміздері – Symbols of the USA» тақырыбындағы көрме қарсы алды. Көрмеге рәміздер туралы кітапхана қорында сақталған И.А. Благовещенскийдің, А.С.Бикееваның «Страноведение», «Карта США. Краткий обзор фактов» кітаптары мен «Speak Out», «Becoming American» журналдарындағы АҚШ туралы ақпараттар қойылып, ғаламтордағы мәліметтермен толықтырылды.

Іс-шарада америка туының тарихы, тудағы жолақтар мен жұлдызшалардың мағынасы туралы кең түрде ақпарат берілді. Мереке туралы ауқымда ақпарат беріле отырып, қатысушылар білімін сынау үшін «Сен білесің бе?» атты викториналық ойын ойнатылды. Ойында Америка елі, мемлекеті, рәміздері туралы викториналық сұрақтар қойылып, жауаптары тексерілді. Аталмыш ақпараттық сағатқа қатысқан белсенді пайдаланушыларға кітапхана атынан алғыс айтылды.