Мен жаздың суретін саламын: «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің сабағы

08.06.18

8 маусым күні Абай кітапханасының «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесі кезекті сабағын Етіс өзенінің жағалауындағы тамаша табиғат аясында өткізді. Сабаққа қатысқан балалар жаз тақырыбына деген өз ойлары мен көзқарастарын әсем безендірілген алаңдағы асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен салды. Балалар өз суреттерінде көгілдір аспанды, баршаға нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты, сүйікті отбасыларын бейнеледі. Жерге бормен сурет салу сабағы өте қызықты өтіп, балаларға қайталанбас әсер сыйлады. Балалар өздері бейнелеген жайдарлы жаз мезгілі мен табиғат көріністеріне түсініктеме берді. Шара соңында қатысушылар өзен жағалауында орналасқан балалардың ойын алаңында ойнап, ата-аналарымен бірге жайма-шуақ тамаша табиғат аясында кітаптар мен журналдар оқып демалды. Жазғы демалыс мерекесімен басталған сурет үйірмесінің бұл сабағын балалар тамаша өткізіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.