Астана: кеше, бүгін, ертең: танымдық сағат

22.06.18

Абай кітапханасының қызметкерлері үшін жаз мезгілі – шығармашылық өрлеу, жазғы сауықтыру лагерлеріне іс-шараларды өткізу және балаларды кітап оқуға бейімдеудің жаңа түрлерін іздеудін уақыты.
Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай 22 маусым күні Абай кітапханасы Шақаман ауылындағы ЖББО мектеп жаныныдағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына арнап «Астана: кеше, бүгін, ертең» атты мерекелік іс-шара өткізіп қайтты.

Аталмыш шара барысында демалушылар назарына тақырыпқа сай безендірілген «Астана тарихы – ел тарихы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеден елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын кітаптар, фотоальбомдар орын алды. Көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы оқушылар көптеген ақпараттар алды.

Сонымен қатар шара барысында жазғы демалыс лагерінің демалушыларынан құралған «Бәйтерек» және «Болашақ» топтары өзара интеллектуалдық және ұлттық ойын түрлері бойынша сайысқа түсіп, бақ сынасты. Топтар арасында «Доп салу» , «Қол күресі», «Сөз құрастыру», «Кім шапшаң», «Арқан тарту» ойындары өткізілді. Сайысқа қатысушы топтардың жетістіктері әр жарыс түрлері бойынша балдық көрсеткішпен бағаланды. Шара соңында жалпы көрсеткіш есептелініп, қортынды бойынша сайыскерлер сәйкесінше 1 және 2 орындарды өзара бөлісті. Әділ қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды «Болашақ» тобы, екінші орынды «Бәйтерек» тобы иеленді.

Шара соңында сайысқа қатысушы жеңімпаз топтарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталып, мәдени шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен топ жетекешілеріне алғыс хаттар табысталды.

Лагерь демалушылары «Астана – Қазақстанның елордасы» атты бейне-фильм көрсетілімін тамашалап, «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнін бірлесіп шырқап, тамаша мерекелік көңіл күймен тарқасты.