Біз, сегіз қырлы, бір сырлымыз! : қуыршақ театры, құммен сурет салу

22.06.18

Кітапхана қабырғасында жұмыс жасайтын тіл үйрету лагерінің жеткіншектері бір күндерін арнайы түрде өзін- өзі танытуға жұмсады. Бұл күн, Астананың 20 жылдығына арналды. Балалар қол қуыршақтары арқылы ағылшын тілінде диалогтар құрып, оны өздерінің ортасында сахналады. Оқушылар қуыршақтарды ағылшын тілінде сөйлетіп, Астанаға кейіпкерлер кейіпіне ене отырып, ақ тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, лагерь мүшелеріне құммен сурет салудың қыр-сыры меңгертіліп, бұл өнердің шығу тарихы туралы ақпарат берілді. Балалар бұл өнерге аса ынталы екендіктерін көрсетіп, құммен сурет салуға ерекше ниеттерін көрсетті. Олар құммен Астанаға өз тілектерін жаза отырып, бас қаладағы зәулім ғимараттарды құм бетіне түсірді.

Әртістігі мен сурет өнерін қатар көрсете білген Сивков Роман, Ковнашарова Зарина, Михайличенко Даниил, Адылбаева Алуа сынды оқушыларға кітапхана атынан алғыс айтылып, сыйлықтар таратылды.