Еңселі елім – байтағым: ойындар, сайыстар

26.06.18

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шаралар циклы Бесқарағай ауданы Ескі Қорған жанында «Жас қанат» жазғы сауықтыру лагерінде жалғасын тапты. Лагерь демалушылары бос уақыттарын тиімді пайдаланып, табиғаты көркем, қарағайлы орман арасында орналасқан туған жерінің киелі жерінде демалуда.

Демалушы оқушылар 26 маусым күні Астананың 20 жылдық мерекесіне арнайы мерекелік шарамен барған Абай атындағы кітапхана қызметкерлерін қуана қарсы алды.  Демалушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  Астананың тарихы, сәулетті құрылысы, мәдени орындары жайлы қатанымдық ақпараттар берілді. Оқушыларға ойындар, сайыстар ұйымдастырылып, олар өз білімдерін ортаға салып, әр қырларынан танылды. Елімізге енді танылып келе жатқан «құммен сурет салу техникасы» туралы ақпарат беріле отырып, шеберлік сағаты өткізілді. «Табыстың кілті – тілде» атты ағылшын тілінде сайыс өткізілді. Демалушы оқушылар іс-шараның тартымды өткенін, өздеріне қатты ұнағанын баяндап,  кітапханаға табыс тілеп, ақ тілектерін жеткізді. Сайыс соңында кітапхана қызметкерлері белсенді жеткіншектерді ұжым атынан марапаттап, кітаптар тарту етіп, лагердің барлық демалушыларымен естелікке суретке түсті.