Домбыра күмбірі: домбра-party

01.07.18

1 шілде күні Абай кітапханасы Ертіс өзенінің жағасында Ұлттық домбыра күніне орай қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру мақсатында «Домбыраның күмбірі» атты домбру-party ұйымдастырды. Бұл іс шараның ерекшелігі – аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу.

Іс-шара барысында кітапхана 20-дан астам домбырашыларды шақырды. Көрермендер  Мадияр Әшіров, Айдана Тоқтамысова, Жасұлан Мақаев сынды домбырашы өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Шақырылған домбырашылар қалалық іс-шараға қосылып, онда қазаққа танымал «Адай», «Сары-Арка» сынды күйлерді орындап, өздерінің шеберліктерімен көрермендерді қуантты.

Музыка адамдарды шабыттандырады, бүгінгі күні тек концерт залдарында ғана емес, Ертіс өзенінің жағасында ашық аспан астында да қазақтың қара домбырасының күмбірі естілді.

Домбра-party «Домбыра – халық мұрасы» атты кітап көрмесімен толықтырылды.