Астана – Евразия жүрегі!: танымдық ойын сағаты

04.07.18

Астананың 20-жылдық мерейтойына орай Абай атындағы кітапхана қызметкерлері №8 балалар үйі тәрбиеленушілері үшін ашылған «Орбита» жазғы демалыс лагерьлерінің демалуышыларына «Астана – Евразия жүрегі!» атты танымдық ойын сағатын өткізіп қайтты. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде өткен шарада демалушы балалар екі топқа бөлініп «Кім мықты?», «Доп салу», «Арқан тарту», «Сөз құрастыру» сияқты танымдық ойындар ойнап бой сергітті.

Шара соңында жалпы көрсеткіш есептелініп,  қортынды  бойынша сайыскерлер 1 және 2 орындарды өзара бөлісті. «Астана айшықтары» атты көрмеде Қазақстанның астанасы болған қалалардың  қысқаша тарихы мен Астана туралы фотосурет, Елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, оның қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер қойылып шолу жасалынды. Шара соңында лагерь демалушылары «Астана – Қазақстанның Елордасы» атты бейне-фильм көрсетілімін тамашалап, мерекелік көтеріңкі көңіл күймен тарасты.