Туған күніңмен, Америка!: клуб отырысы

04.07.18

4 шілде күні Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеттері бөлімі жанынан құрылған ағылшын тілі клубы кезекті отырысын Американың тәуелсіздік күніне арнады. Іс-шараға клуб мүшелері қатысты. Клуб мүшелері өзара Тәуелсіздік деген не? Оны қалай түсінесіз? Азаматтардың қандай құқықтарын білесіз? Тәуелсіздік деген ұғым қайдан шыққан? және т.б. сұрақтарды ағылшын тілінде қойып, жауаптар іздеді. Сонымен қатар шара барысында қатысушылар Декларация мәтінімен, осы мерекеге байланысты әр түрлі ақпараттарды слайд көрсетілімнен тамашалады. Аталмыш декларацияның түпнұсқасы осы күнге дейін сақталып, Американың мүлігі ретінде саналады. Бүгінде оны көргісі келетін әрбір адам барып көре алады, ол АҚШ-тың ұлттық мұражайында тұр. Бұл тарихи декларацияның негізі – әлемдегі демократиялық елдердің конституцияларына кірді, оның ішінде Қазақстанның Конституциясына да. Шараға қатысушылар Америка Тәуелсіздігін қамтитын викториналық сұрақтарға жауап беріп, өзара ұйымдастырылған ойындарға белсене қатысты.