Біз денсаулықты таңдаймыз!: ойын-саяхаты

05.07.18

5 шілде күні Астананың 20 жылдық мерекесіне орай балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы «Ер-таң» шағын орталығындағы жазғы демалыс лагеріндегі бүлдіршіндерге «Біз денсаулықты таңдаймыз» атты ойын-саяхатын өткізіп қайтты. Шара барысында  оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке бас гигиенасын сақтау,  дұрыс тамақтану,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану, жаман әдеттерден сақтанып жүру туралы жан-жақты ақпараттар берілді. Балалар «Дені сау адам қандай болады?», «Дұрыс тамақтану деген не?», «Дәрумендерді қайдан аламыз?» т.б.  сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап берді. Денсаулық туралы және адамның дене мүшелеріне байланысты мақал-мәтелдер айтылып, жеке бастың гигиенасына қатысты құралдарға арналған  жұмбақтар топтамасы шешуге ұсынылды.

Аталмыш шара барысында  балалар «Денсаулық туралы қарапайым ережелер», «Алғашқы дәргерлік көмек» сияқты ойындар ойнап, электронды музыкалық қазақ үйден танымдық мәні бар ертегілер тыңдады. Оқушылардың назарына «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалынды.