Кітап әлеміне – жазғы саяхат: экскурсия

10.07.18

07 шілде күні кітапханамызда балалардың жазғы демалысына орай оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында №17 ЖББО мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды. «Кітап әлеміне – жазғы саяхат» атты шара барысында балалар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. Оларға «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды.

Өткізілген шара оларды қатты кызықтырып, үлкен әсер қалдырып, көптеген балалар қызықты кітап әлеміне қайта келіп тұруға ниеттерін білдірді.