ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын түсіндіру, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік: дәріс

26.07.18

26 шілде күні Абай атындағы кітапхананың заңгері Исабаев Қуатбек Берікболұлы  кітапхана қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік және Қылмыстық жауапкершілік» туралы заңдарының кейбір баптары бойынша түсіндірме жасады.

Дәріс барысында Исабаев Қ.Б. сыбайлас жемқорлықпен айналысатын әрекеттермен немесе сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Заңгер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін азаматтық тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартуға болатын адамдарды жазалауға қатысты шараларға ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» туралы 15-бөлімінің он бабына жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп берді. Сөз соңында іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.