Назначенный временем: фильм көрсетілімі

27.07.18

Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай ресейлік кинорежиссер Радик Кудаяровтың «Назначенный временем» деректі фильмі еліміздің соңғы тарихындағы маңызды оқиғаларды көрсететін республикалық телеарналардың экранында жарыққа шықты.

26 шілде күні Абай кітапханасы Семей қаласының Жастар ресурстық  орталығы, «Жанұя орталығы» ҚҚ және кітапхана қызметкерлері үшін осы фильмді кітапханамыздың коворкинг орталығында тамашалауды ұйымдастырды.

Фильм соңында барлық көрермен өз пікірлерімен бөлісті.