Абай атындағы кітапхананың сирек басылымдар қорындағы латын қарпіндегі басылымдар: ақпараттық шолу

27.07.18

27 шілде күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай кітапханасы «Жанұя орталығы» ҚҚ-мен бірлесіп Ішкі саясат бөлімі «Орбита» №8 балалар үйінің лагеріне іс-шара өткізгіп қайтқан болатын.

Жазғы лагерьдің тәрбиеленушілері үшін сирек кітапхана қоры жинағының латын алфавитіндегі басылымдарынан ақпараттық шолу жасалды. Атаулы шара барысында 1929-1940 жж. аралығында Қазақстан аумағында латын әліпбиіне ену тарихы туралы, осы жылдарда латын графигінде жарияланған ерекше әдебиеттер туралы ақпарат берілді.

Барша қатысушылар өткен ғасырдың бірегей әдебиетімен, қазақ тілі, алгебра, физика, химия және т.б. оқулықтармен танысып қана қоймай, сонымен қатар біздің еліміздің тарихына тоқталып, осы кітаптар арқылы латын әліпбиімен мәтіндерді оқып көруге тырысты.