Біріңғай республикалық медиация куні: онлайн-конференция

03.08.18

3 тамыз күні Абай атындағы кітапханада Медиация күніне орай «Біріңғай республикалық медиация куні» атты онлайн-конференциясы өтті.

          Жиынның басты мақсаты медиация күнін кеңінен таныту және оның қызметін дамыту, халық арасында даулы және шиеленісті жағдайларды сотқа жеткізбей шешу мәдениетін қалыптастырып дамыту. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының арасында қол қойылған меморандумға сәйкес өткізілді.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, медиация орталықтарының басшылары, абай кітапханасының қызметкерлері мен  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, сот судьялары мен жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара соңында кешке қатысушылар түрлі сұрақтар бойынша ақыл-кеңестер алды.